Қостанайда мас жүргізушісі полицейлерден GTA-дағыдай қашпақ болған

Видео кадры

Қостанайда мас жүргізуші жол апатына себеп болып, оқиға орнынан қашпақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанайда мас жүргізуші жол апатына себеп болып, оқиға орнынан қашпақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 26 шілдеге қараған түні болған. TANK 300 маркалы жол талғамайтын көліктің 57 жастағы жүргізушісі мас күйінде жол апатына себеп болып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам бағдаршамның қызыл шамына өтіп кетіп, бордюрге соғылып, кейін ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Көлік жолда "GTA ойынындағыдай" жүрген.

Реклама
Реклама

Полицейлер құқықбұзушыны қолға түсірді. Ол бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылды. Көлік айыптұраққа қойылды. Жүргізуші айықтырғышқа жеткізіліп, іс материалдары сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама