03 наурыз 2024 16:54

Құтқару қызметінің диспетчері өз-өзіне қол жұмсамақ болған баланы құтқарып қалды

Видео кадры

Құтқару қызметінің диспетчері өз-өзіне қол жұмсамақ болған жасөспірімді аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқару қызметінің диспетчері өз-өзіне қол жұмсамақ болған жасөспірімді аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін таңғы сағат 9-да Абай облысының ТЖД 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірімнен хабарлама келді.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады, ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.

Реклама
Реклама

"Уайымдама. Оқу - өмірдегі бастысы нәрсе емес. Мені де кезінде оқудан шығарып жіберген, басқа мамандыққа түстім. Бұл проблема емес. Алғашында шаштараз мамандығына түстім. Сосын маған қабілетімнің жоғын айтып, оқудан шығарылдым", - деді Айжан Қаленова жеткіншекке.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram