Әзербайжан Президенті күзде Қазақстанға келуі мүмкін. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Оның айтуынша, бұл мәселе екі мемлекет басшыларының соңғы телефон әңгімесі кезінде көтерілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі таңда тараптар сапардың нақты мерзімдері мен мазмұнын келісіп жатыр", – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
Сонымен қатар, Руслан Желдібай өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға мемлекеттік сапары өткенін еске салды. Сол сапарда екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерген маңызды құжаттарға қол қойған және екі мемлекеттің одақтастық қатынастарын нығайтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!