18 мамыр 2022 11:40

Қырғызстан мен Қазақстанның арнайы қызметі халықаралық есірткі арнасын жойды

Фото: mvd.gov.kg

Қырғызстан мен Қазақстанның арнайы қызметі бірлесіп, ірі халықаралық есірткі арнасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ІІМ сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мен Қазақстанның арнайы қызметі бірлесіп, ірі халықаралық есірткі арнасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ІІМ сілтеме жасап.

Қырғызстан ІІМ қызметкерлері Қазақстанның арнайы қызметімен бірлесіп, Орта Азияға синтетикалық есірткілерді интернет желісі арқылы тасымалдау мен өткізудің тұрақты арналарының желісін жойды. 

Трансұлттық есірткі тобының қызметін жою жөніндегі бірлескен арнайы операция Қырғызстан мен Қазақстан аумағында жарты жыл бойы жүргізілді.

Реклама
Реклама

Арнайы операция кезінде Қазақстан Республикасының төрт азаматы және Қырғыз Республикасының үш азаматы ұсталды. Бірлескен халықаралық операцияларды жүргізу барысында синтетикалық есірткі өндіретін 2 есірткі зертханасы жойылып, құны 1,9 миллион доллар болатын есірткі тәркіленді. 

 Фото: Қырғызстан ІІМ 

Фото: Қырғызстан ІІМ 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram