Ресейлік альпинист Наталья Наговицынаның денесі кем дегенде көктемге дейін Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қалады. Оны құтқару үшін жасалған үш әрекет те сәтсіз аяқталды, ал қазір өрмелеу маусымы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құтқару мүмкін болмады
47 жастағы альпинист әйел 12 тамызда Жеңіс шыңынан (7439 м) түсу кезінде аяғын сындырып алған. Жолдасы көмекке кеткен, ал Наталья он күннен аса уақыт жеті мың метр биікте шатырда жалғыз қалған.
Алдымен оған неміс альпинисі Гюнтер Зигмунд пен италиялық Лука Синигалья жетпек болды. Олар тек әйелді ұйықтайтын қапқа орап, азық-түліктің азын ғана қалдыра алған. Кейін Синигалья үсіп, ми ісінуінен қайтыс болды.
Ресейлік альпинистер мен құтқарушылар отырған тікұшақ қатты турбуленттен Наталья жатқан шатырға көтеріле алмады, әуе көлігін шұғыл қондыруға тура келген. Экипаж бен альпинистер зардап шекті, соның ішінде Виталий Акимов, оған кейін жаңа топты басқару тапсырылды. Бірақ 6500 метрде оның бел ауруы асқынып, топ кері қайтуға мәжбүр болды.
19 тамызда дрон кейінгі рет Натальяны тірі күйінде түсірген. 23 тамызға қарай құтқару жұмыстары толық тоқтатылды: қолайсыз ауа райы, қарлы боран мен қар көшкінінің қаупі өрлеуді мүмкін етпеді.
Mash хабарлауынша, іздестіру жұмыстары келесі маусымға, 2026 жылдың көктеміне қалдырылды.
Қорқынышты статистика
Жеңіс шыңы әлемдегі ең қауіпті таудың бірі саналады: альпинистердің айтуынша, мұндағы өлім-жітім 30 пайызға дейін жетеді. Қиын маршруттар мен қолайсыз ауа райы тіпті тәжірибелі спортшылардың да өмірін жалмайды. Бұған дейін Хан-Тәңірі мен Жеңіс шыңынан 60-тан аса альпинисті эвакуациялау үшін екі тікұшақ тартылған.
Қайғылы даталар символикасы
Наговицына тарихы оқиғаның қорқынышты сәйкестігімен ерекшеленеді. Оның жұбайы Сергей Наговицын 2021 жылы басқа бір жетімыңдықта, Хан-Тәңірі шыңында қаза тапқан. Ол жеті мың метрге жуық биікте инсульт алып, Наталья аяғына дейін күйеуін құтқаруға тырысқан. Бір жылдан соң ол сол шыңға қайта көтеріліп, ескерткіш тақтайша орнатқан.
Ал 2025 жылғы тамызда бәрі қайталанды: 10 тамызда Сергейдің қазасының үш жылдығы болды, 15 тамызда ол 49-ға толар еді, ал 20 тамызда Натальяны туған күнінде 7140 метр биікте ажал құрсауында қалды.
"Альпинист Наталья Наговицына 7200 метр биіктікте, Жеңіс шыңының ең жоғарғы нүктесінен небәрі 200 метр төмен жерде қаза тапты. Дәл осы биікте төрт жыл бұрын оның күйеуі Сергей де көз жұмған еді", - деп жазды Voice басылымы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!