Қырғызстанда 58 адам шаурмадан уланды

Фото:depositphotos.com

Бішкектегі жекеменшік мектептердің бірінде жаппай улану тіркелді. Уланғандардың бәрі түскі асқа шаурма жеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бішкектегі жекеменшік мектептердің бірінде жаппай улану тіркелді. Уланғандардың бәрі түскі асқа шаурма жеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 қазанда сағат 22:30-да Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан улану белгілері бар науқастар түсе бастаған. Барлық науқастың 12:00-13:00 аралығында мектеп асханасында шаурма жегені анықталды.

Барлығы 58 науқас медициналық көмекке жүгінген, олардың 54-і - бала.

Реклама
Реклама

"7 бала және 2 ересек ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты. 49 науқас қараудан және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тиісті нұсқаулықпен амбулаторлық емдеуге жіберілді. Барлық науқастан талдаулар алынды", - делінген жарияланымда.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бұл оқиға бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама