Қырғызстандық рэпер Ulukmanapo қарт адамға қол жұмсады деген күдікпен ұсталды

Сұлу Бөлек Корреспондент
instagram.com/Ulukmanapo

Қырғызстандық рэпер Ulukmanapo қарт адамға қол жұмсады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстандық рэпер Ulukmanapo қарт адамға қол жұмсады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстандық БАҚ мәліметінше, Ulukmanapo лақапатымен танымал Улукман Осмоналиев балабақша күзетшісін ұрған.

Оқиға 28 тамызда бір балабақшада болған. Әнші мен ер адам сөзге келіп, нәтижесінде Осмоналиев күзетшіні ұрып жібергені хабарланды.

Реклама
Реклама

Бішкек қаласы Ленин аудандық ІІБ баспасөз қызметі алдын ала тексеріс басталғанын мәлімдеді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, балабақша аумағына екі жасар бала кіріп кеткен, артынан 33 жастағы У.О. баланы алып кетуге кірген. 65 жастағы күзетші ескерту жасап, егер бала ауру болса, жұқпалы инфекция басқа балаларға тарауы мүмкін екенін айтқан. Осыдан кейін ер адамдар арасында жанжал шығып, баланың әкесі күзетшіні ұрып жіберген", – деп жазады 24.kg.

Улукман Осмоналиев 1992 жылы 18 қыркүйекте Бішкек қаласында дүниеге келген. Музыкалық мансабын 2016 жылы бастап, алғашында шығармашылығын YouTube пен әлеуметтік желілерде жариялаған. Кей деректерде оның алғашқы бейнебаяны шамамен 3 миллион қаралым жинағаны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама