ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2020 | 12:00
Қырғызстандық Валентина Шевченко үшінші рет UFC чемпионы атағын қорғады
Қырғызстандық Валентина Шевченко үшінші рет аса жеңіл салмақта UFC 247 чемпионы атағын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстандық Валентина Шевченко үшінші рет аса жеңіл салмақта UFC 247 чемпионы атағын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның қарсыласы америкалық Армения тумасы Кэтлин Чукагян болды.
Үшінші раундта Шевченко басымдылыққа ие болып, қарсыласын ауыр соққының астына алды. Төреші жекпе-жекті тоқтауға мәжбүр болды. Қырғызстандық файтер техникалық нокаутпен жеңді.
Валентина Шевченко 2015 жылы әлемнің ең мықты промоушені UFC ұйымына өтті. Оның есебінде 10 жекпе-жек: 8 жеңіс және 2 жеңіліс. 2018 жылдың желтоқсанында ол Қырғызстан чемпионы атанды. Жалпы кәсіби мансабында үш рет жеңіліп, 19 кездесуде жеңіске жетті.
Показать комментарии
Читайте также