Қысқы Паралимпиада-2026: жарысты қайдан және қашан көруге болады?

Қысқы Паралимпиада-2026: жарысты қайдан және қашан көруге болады? instagram.com/kazparalympics

Бүгін, 14 наурызда, Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында қазақстандық спортшылар бір спорт түрінде сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 14 наурызда, Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында қазақстандық спортшылар бір спорт түрінде сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 15:15-те парашаңғы жарысында Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Владислав Кобаль және Нұрлан Акимов стартқа шығады. Қазақстандық спортшылар 4х2,5 шақырымдық ашық эстафетаға қатысады.

Барлық жарысты Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше, 13 наурызда, 28 жастағы қазақстандық Ербол Хамитов пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Отандасымыз 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды. Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама