27 қараша 2023 | 21:41

Қызылорда облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы бастау алды

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Қызылорда облысы "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыруға кірісті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Қызылорда облысы "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыруға кірісті.

Ұлттық жоба 2023-2024 жылдары 300 мыңнан аса ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің деңгейін көтеру және медициналық көмекті уақытылы көрсету үшін "алтын уақыт" қағидатын сақтау сияқты басқа да бағыттарды көздейді.

Ұлттық жоба аясында ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту бойынша 27 нысанның құрылысы салынбақ (24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет).

Реклама
Реклама

Осы жылы 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, 2024 жылға жоспарланған 11 нысан құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға енгізіліп, қаралу үстінде.

2025 жылға қарай Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларын "Көп бейінді ауданаралық аурухана" деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоспарланған 4 көпбейінді ауданаралық ауруханаларда инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімдері, триаж жүйесі бар жедел жәрдем бөлмесі ашылып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен (КТ МРТ, ангиограф, сараптамалық дәрежедегі ультрадыбыстық, эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтар, медициналық оңалту және т.б.) жабдықталады.

Сонымен қатар Қызылорда қаласында медицина ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында 2,9 млрд теңгеге қан орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр.

"Қазақстан халқына қоры" арқылы да бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, онкологиялық скрининг жүргізуге арналған құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 2 жылжымалы медициналық кешен өз жұмысына кірісті.

Кешен шалғай елді мекендердегі тұрғындардың жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға, орташа өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік береді.

Мобильді бригада құрамы онколог, ультрадыбыстық зерттеу, сәулелік диагностика дәрігерлері, рентген-лаборант және тағы басқа 12 маманмен қамтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная