27 қараша 2023 | 20:42

Қызылорда облысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салынады

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды.

Қызылорда облысында ұлттық жоба аясында 12 300 орындық 21 мектеп салынады.

Реклама
Реклама

Арал ауданында - төрт, Қазалы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында – екі жайлы мектептен, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында бір мектептен, Қызылорда қаласында – сегіз заманауи мектеп бой көтереді.

Биыл жоспарланған 10 мектептің тоғызының құрылысы басталды, оның бесеуі облыс орталығында орналасқан. Облыстағы алты апатты мектептің төртеунің мәселесі осы "Жайлы мектеп" жобасы аясында шешімін табады.

Сондайақ, екі мектеп "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры" және жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Қалған 11 мектеп 2024 жылы салынатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная