29 қараша 2023 | 18:14

Қызылорда облысында құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сапалы әлеуметтік нысандардың санын көбейтіп, сала жетекшілеріне халыққа пайдалы ғимараттардың бой көтеруіне ықпал етуді міндеттеген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес бүгінде Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналып, салада айтарлықтай өсім көрсеткіші байқалуда. Сөзімізге дәлел келтірсек, биыл облыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі - 124,9 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 21,2 пайызға артқан.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сондай-ақ жыл соңына дейін 692,3 мың шаршы метр тұрғын пайдалануға беру жоспарланған болса, бүгінде 649,2 мың шаршы метр тұрғын үйдің кілті тұрғындарға табысталды. Сәйкесінше, 10 айдың қорытындысымен жылдық жоспардың 94 пайызы орындалды.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік қолдаудың арқасында құрылыс саласына бөлінген бюджет қаражатының көлемі де 3,5 есеге артып отыр. Соңғы екі жылды салыстырып қарасақ, 2021 жылы 18 млрд теңге, ал 2022 жылы 24,2 млрд теңге бөлінген. Ал биыл 163 жобаны жүзеге асыруға 81 млрд теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, аймақта барлық қаражат көздерінен 4 108 пәтерден тұратын 300 тұрғын үй және 73 жоба бойынша инженерлік желілер салынып жатыр.

Әкімдік тарапынан жасалған қолдаудың арқасында жергілікті құрылыс компаниялары тұрғын үй салуда белсенділік танытып, өңірде 30-дан астам көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Бұған қоса, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін республикалық бюджеттен 9,6 млрд теңге қаржы бөлініп, 1016 пәтер сатып алынуда. Оның 600 пәтәрі Қызылорда қаласынан, қалған 416 пәтер аудан орталықтарында қарастырылады.

Ерекше айта кететін жайт, Қызылорда облысы республика бойынша бірінші болып аудан орталықтарынан пәтер сатып алуды жүзеге асырып отыр.Бұған қоса, қазіргі таңда республикалық бюджеттен қосымша 2,7 млрд теңгеге қаржы бөлініп, оған 286 пәтерді жыл соңына дейін сатып алынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная