ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2023 | 13:11
Қызылорда облысында "Теннис орталығы" мекемесі құрылды
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударуды тапсырған. Осы орайда, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Қазақстан Республикасы теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың қолдауымен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы жанынан арнайы "Теннис орталығы" дербес мекеме болып құрылды.

Қазіргі таңда орталықта 104 бала тегін тенниспен шұғылданып, халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр.
Аталған мекемеде қосымша үстел теннисі және бадминтон спорт түрлерінен бөлімшелер ашылып жұмыс істейді.
Теннис мектебі қосымша жаттықтырушы-оқытушылар штаттармен, спортшылардың жарыстарға қатысу шығындарымен қамтамасыз етіліп, Қызылорда облысында теннис спортын жан-жақты дамыту бағытында нақты шаралар жүзеге асырылады. Жыл сайын мекемені шығындарына қосымша 180 миллион теңге бөлінеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Показать комментарии
Читайте также