20 тамыз 2023 16:57

Қызылордада 32 жастағы әйелдің жоғалып кеткеніне 11 күн болды

Фото: Қызылорда полиция басқармасы

Қызылордада 32 жастағы әйел 11 күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада 32 жастағы әйел 11 күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада тұратын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған.

"Осыған байланысты Қызылорда полиция басқармасы іздеу салады. Бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті.

Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз", - делінген Қызылорда полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram