ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2023 | 18:33
Қызылордада қоғамдық көлік қатарына тағы 50 автобус қосылды
Шежірелі өңірдің 85 жылдығы, Қызылорда қаласының 205 жылдығы аясында жолаушыларға қызмет көрсететін 50 жаңа автобус жолға шықты. Автобустар кілтін табыстау рәсімінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды құттықтап, көлік инфрақұрылымын дамытуға баса мән берілетінін айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шежірелі өңірдің 85 жылдығы, Қызылорда қаласының 205 жылдығы аясында жолаушыларға қызмет көрсететін 50 жаңа автобус жолға шықты. Автобустар кілтін табыстау рәсімінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды құттықтап, көлік инфрақұрылымын дамытуға баса мән берілетінін айтты.
"Президентіміз "Стратегиялық бағдарламаларды сапалы жүзеге асырудың негізгі міндеті – халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттырғанда ғана орындалады" деген болатын. Қазір демографиялық ахуал жақсарып, қала аумағы кеңейді. Халық санының өсуі қоғамдық көлікке деген сұранысты жыл сайын арттыруда. Өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 1,4 млрд теңгеге "Өнеркәсіпті дамыту қоры" арқылы 150 заманауи жаңа автобус алынды. Биыл шаһардағы қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешу үшін қосымша 150 автобус алуға 1,6 млрд теңге бөлінді. Бүгін 50 автобусты табыстаймыз. Қалғаны жыл соңына дейін қызметін бастайды. Мемлекет халық алдындағы міндетін орындауда. Ендігі жерде "Қызылорда автобус паркі" ұжымы мен қала тұрғындары да жаңа көліктерге жанашырлықпен қарайды деп сенемін. Осы жерде, уақытпен санаспай халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көлік жүргізушілеріне алғысымды білдіремін. Сіздерге артылар сенім, жауапкершілік жүгі ауыр. Халық алдындағы міндеттеріңізді абыройлы алып жүргейсіздер", - деді аймақ басшысы.
Іс-шарада Қызылорда облысының құрметті азаматы Шахизат Төребаев жерлестерін құттықтап, бата берді.
Жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдау қызметінің техникалық, сапалық деңгейін халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестендіру үшін жан-жақты тексеруден өткізілген. Арнайы сұраныс арқылы жергілікті жердің климаттық жағдайына бейімделіп дайындалған.
Айта кетейік, өңірде жеке демеуші есебінен "Қорқыт ата" әуежайының жаңа терминалы, Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты салынуда, теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
Президент қолдауымен "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығы 4 жолақты жолға ауысады.
Сыр өңірі үшін маңызды жобалардың бірі - "Қызылорда-Жезқазған" автожолының Қызылорда облысына тиесілі 216 шақырымының 104 шақырымы аяқталуға жақын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған
Показать комментарии
Читайте также