22 маусым 2023 | 21:01

Қызылорданың қамысы Еуропа елдеріне экспортталып жатыр

Қамыс су өсімдігі болғандықтан, өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Бұл астық тұқымдасы шілде айынан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қамыс су өсімдігі болғандықтан, өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Бұл астық тұқымдасы шілде айынан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді.

Қамыс Сыр бойында ең көп өсетін жабайы өсімдік болғанымен еуропалықтар үшін бұл таптырмас құрылыс материалы. Мәселен, аймағымыздан жылына мың тоннаға дейін қамыс шет ел асып жатыр.

Жалпы, Қазалы ауданында 50 мың гектардай қамысты алқап бар. Соған орай Қазалы ауданы "Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласынан үздік аудан" атанды. Қамысты шет елге экспорттау арқылы кәсіп бастап, табысты болып отқан жандар үшін жұмысының алға қарай жылжуы Қазалы ауданына үлкен мүмкіндік алып келді. Оған мысал ретінде, Венера Тайлақбаеваны келтірсек болады.

Реклама
Реклама

Кәсіп иесі қазіргі таңда Германия, Нидерланды, Дания, Франция, Польша, Белоруссия елдеріне қамысты экспорттаумен айналысады.

"Шет ел асатын қамысты сорттау да оңай шаруа емес. Шөптің ұзындығы 1,5 метрден қысқа болмауы тиіс. Бүгінде шаруашылықта 10-15 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Әр жұмысшы күніне 150-200 бау қамыс әзірлейді", - деді кәсіпкер, көпбалалы ана Венера Жақсылыққызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная