ІІМ көліктердің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат бере ме?

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстан Ішкі істер министрлігі көлік терезелерін толықтай қараңғылауға қарсы. Бұл туралы ІІМ Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі көлік терезелерін толықтай қараңғылауға қарсы. Бұл туралы ІІМ Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы ережелерде әйнектерді қараңғылатуға байланысты нақты талаптар бар.

"Біз бұған түбегейлі қарсымыз. Қазір қолданыстағы нормаларға сәйкес алдыңғы әйнектер қараңғыланбайды, ал артқы әйнектерге зауыттық стандарттар енгізілген. Менің ойымша, қауіпсіздік мақсатында көліктің алдыңғы да, артқы да әйнектерін толық қараңғылатуға жол берілмеуі керек. Біз бұған қарсымыз," – деді министр.

Реклама
Реклама

Бұған дейін кейбір депутаттар көліктің алдыңғы терезелерін ақылы түрде қараңғылатуға рұқсат беруді ұсынған еді. Алайда ІІМ бұл бастаманы құптамай отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама