Мадуро Нью-Йорктегі Бруклин ауданындағы тергеу изоляторына жеткізілді

Мадуро Нью-Йорктегі Бруклин ауданындағы тергеу изоляторына жеткізілді t.me/ostorozhno_novosti

Венесуэланың президенті Николас Мадуро Нью-Йорктегі Бруклин ауданындағы тергеу изоляторына жеткізілді. Алдағы аптада ол Манхэттендегі федералдық сот алдында есірткі мен қару-жарақ контрабандасы бойынша айыппен жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Осторожно, новости" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ақ үй жариялаған видеоларда Мадуро Есірткімен күрес басқармасының (DEA) агенттерімен қатар жүріп, ағылшын тілінде сөйлеуге тырысқаны көрінеді.

"Қайырлы түн", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Содан кейін ол испан тілінде өзіне сұрақ қойып: "Es buenas noches, no?" - дейді, бұл "Қайырлы түн, солай ма?" деп аударылады. Кейін бөлмеде отырғандарға қайтадан "қайырлы түн" деп айтып, "Жаңа жылыңыз құтты болсын!" - деп қосады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Венесуэла көшбасшысы Николас Мадуроның ұсталғаннан кейінгі алғашқы фотосын жариялаған. Суретте Мадуро сұр түсті спорт киім киген, бетінде қара маска, қолында бөтелкесі бар.

Венесуэла президентін қолға түсіру туралы айта отырып, Трамп Монро доктринасын еске салды: ол Америка құрлығын өзге державалардың араласуына жабық аймақ деп жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама