Мәжіліске “Ақ жол“ партиясының атынан жаңа депутат келді

Айжан Калиева Корреспондент
Ержан Бейсенбаев, Олжас Нұралдинов. Фото:akzhol.kz

Мәжілісте "Ақ жол" демократиялық партиясынан сайланған депутат Ержан Бейсенбаевтың өкілеттілігі тоқтап, орнына жаңа депутат сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте "Ақ жол" демократиялық партиясынан сайланған депутат Ержан Бейсенбаевтың өкілеттілігі тоқтап, орнына жаңа депутат сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақжол" демократиялық партиясының шешімімен ротация арқылы әріптесіміз Бейсенбаев Ержан Алмабекұлының өкілеттілігі тоқталды. Осы елеулі еңбегі үшін барша депутаттық корпустың атынан Ержан Алмабекұлына шын жүректен рақметіміз бен ризашылығымызды білдіреміз. "Ақжол" демократиялық партиясының сайлау нәтижесі бойынша, Олжас Елтайұлы Нұралдинов Орталық Сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркеліп, біздің қатарымызға қосылды", - деді Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов.

Бүгін тағайындалған депутат әріптестерінің алдында Қазақстан халқына ант берді.

Реклама
Реклама

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген міндеттерге адал болуға ант етемін", -деді Олжас Елтайұлы.

Олжас Нұралдинов кім?

Олжас Нұралдинов 1989 жылы туған. Кәсіпкер, "Ақ жол" демпартиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы. "Ақ жол" партиясының тізімі бойынша Алматы қалалық мәслихатының депутаты болған, сондай-ақ мәслихаттың экономика және қаржы жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің III және IV шақырылымдарының мүшесі.

Еске сала кетсек, өткен саяси маусымды "Ақ жол" партиясы да депутат ауыстырудан бастаған еді. 2024 жылдың тамызында, Мәжіліс депутаттары "каникулдан" оралмай тұрып, Асқар Садықов депутаттық мандатынан айырылды. Сол кезде экс-мажілісмен жанжалдың ортасында қалып, "Ақ жол" партиясынан шығарылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама