Макрон қазақ тілінде жазба жариялап, Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты

Фото:depositphotos.com

Франция президенті Эммануэль Макрон Х платформасында қазақ тілінде жазба жариялап, Қазақстан Президентімен не туралы әңгімелескенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Франция президенті Эммануэль Макрон Х платформасында қазақ тілінде жазба жариялап, Қазақстан Президентімен не туралы әңгімелескенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен жаңа ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлестім", – деп жазды Макрон.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, тараптар стратегиялық әріптестік мәселелерін, атап айтқанда, көлік және энергетика салаларын талқылаған. Бұл тақырыптар 2023 жылы Макронның Қазақстанға сапары мен өткен жылы Президент Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары барысында басталған келіссөздердің жалғасы болды.

Франция басшысы сондай-ақ Қазақстан Президентімен халықаралық жағдайды да талқылағанын жеткізді. Атап айтқанда, ол "Ресей мен Украина арасындағы соғысты және Оңтүстік Кавказдағы жалғасып жатқан келіссөздерді" атады.

Бұған дейін Франция президентінің Тоқаевқа қоңырау соққаны туралы ақпаратты Ақорда хабарлаған болатын.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 4 қарашада Францияға мемлекеттік сапармен барған еді. Сол кезде екіжақты келіссөздерден кейін Эммануэль Макрон қазақ тілінде пост жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама