08 мамыр 2020 | 13:22

Мақтаарал ауданында 21 шақырым жерге бөгет салынды

Фото: ТЖК

Түркістан облысында су басқан Нұрлы жол, Ырысты, Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарынан 1 миллион м3 су сорылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында су басқан Нұрлы жол, Ырысты, Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарынан 1 миллион м3 су сорылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауылдарда жалпы ұзындығы 21 шақырымдық уақытша бөгет тұрғызылды. Сондай-ақ 85 мың қап төселіп, суды ағызу үшін 3 коллектор орнатылды. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы, Апаттар медицина орталығы, Полиция бөлімі, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен активтерінен құралған 1574 адам, 280 техника, 15 жүзу құралы, 160 мотосорғыш тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, басқа ұйымдар мен еріктілер көмектесіп жатыр", - делінген ТЖК хабарламасында.

Реклама
Реклама

 Фото: ТЖК 

Су басқан 5 елді мекен аумағында халықтың жеке заттарын, құжаттары мен мүлкін эвакуациялау, үй жануарларын құтқару және патрульдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында 4 блокбекет қойылды.

Сонымен қатар, су басқан Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Достық, Жеңіс ауылының тұрғындары туыстарының үйінде және Мақтаарал ауданында құрылған 10 эвакуациялық пунктерде тұрып жатыр. Эвакуациялық пунктерде 2 700-ден астам адам бар.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысының басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарға байланысты баяндама жасап, Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектесетінін айтқан болатын.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаман өңірдегі су басқан ауылдарға көмек ретінде ашылған қорға қанша ақша түскені әлі белгісіз екенін еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная