14 шілде 2024 | 10:02

Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелді пышақтап тастады

Видео кадры

Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелді пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан жантүршігерлік видео пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелді пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан жантүршігерлік видео пайда болды.

Кадрлардан дүкен алдында қанжоса болып жатқан әйелді көруге болады. Көпшілік айнала жиналған.

"Видео авторының айтуынша, ер адам "Рахат" супермаркетінің маңында әйелін пышақтап кеткен", - деп хабарлайды жергілікті Instagram 911.aktau.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті қызметкерлері.

Әйелдің жағдайы әзірге белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная