Маңғыстау облысында жасөспірім аялдаманың есігін теуіп сындырды

Фото: instagram/112_aktau

Маңғыстау облысында жасөспірім қоғамдық көлік аялдамасының әйнек есігін сындырып, ал мұны досы видеоға түсіріп алған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inaktau.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға қараңғы түскенде болады. Кадрда жасөспірімнің жүгіріп келіп, әйнек есікті тепкенін, кейін оның сынғанын көруге болады. Әйнекті сындырған жігіттер қашып кетеді.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның Мұнайлы ауданындағы аялдамалардың бірінде болғанын хабарлады. Қазір полиция жасөспірімді іздестіріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама