Маңғыстау облысындағы аралда қасқырдың үйірі видеоға түсіп қалды

Видео кадры

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау жағалауындағы итбалық аралдарының ішіндегі ең ірісі Құлалы аралында түсірілген қасқырлар үйірінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау жағалауындағы итбалық аралдарының ішіндегі ең ірісі Құлалы аралында түсірілген қасқырлар үйірінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ECOJER қауымдастығы өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, қасқырлар бұл аралдарда бірнеше ондаған жылдар бойы өмір сүріп келеді, мұнда оларға жеткілікті азық табылады.

"Олар жағалауға толқындар шығарып тастайтын итбалықтардың өлекселерімен қоректенеді. Кейде тірі итбалықты да ұстап алады. Сондай-ақ, олар балық, су құстары және олардың жұмыртқаларын да жей береді", – деп түсіндірді эколог.

Реклама
Реклама

Маманның айтуынша, әсіресе суық қыстарда, теңіз мұзбен қапталған кезде қасқырлар материкке шығып кете алады. Басқа маусымдарда мұндай көшу екіталай, бірақ теңіздің таяздануына байланысты оны мүлдем жоққа шығаруға болмайды.

Ол сондай-ақ қасқырмен жолығып қалған жағдайда жануарға жақындауға немесе оны тамақтандыруға мүлдем болмайтынын қатаң түрде ескертті. Қасқыр – қауіпті жыртқыш, әрі ол құтыру дертімен ауыруы мүмкін. Осы себепті ұсақ жыртқыштармен – шакалдардан, түлкілерден, қарақалдардан, дала мысықтарыдан да аулақ болған жөн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама