Маңғыстауда "ҚазАвтоЖол" филиалының экс-басшысы сотталды

Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысында "ҚазАвтоЖол" филиалының экс-басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында "ҚазАвтоЖол" филиалының экс-басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттағылардың мәліметінше, филиалдың бұрынғы басшысы мен оның орынбасары қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, аса ірі сомада ақша жымқырмақ болған.

"Сот қылмыстық істің мән-жайын анықтай отырып, 4 наурызда үкім шығарды. Соттың шешімімен филиалдың бұрынғы басшысы мен оның орынбасары айыпты деп танылды. Олардың әрқайсы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздік деңгейі минимал мекемеде өтейді. Сондай-ақ, сот оларды өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды", - делінген соттың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама