Маңғыстаулық аңшы Каспий жағалауынан әуебомбасын тауып алды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Маңғыстаулық аңшы Каспий жағалауынан әуебомбасын тауып алды Lada.kz

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында аңшы Каспий жағалауынан оқу-жаттығуға арналған әуебомбасын тауып алды. Оқиға орнына полиция келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында аңшы Каспий жағалауынан оқу-жаттығуға арналған әуебомбасын тауып алды. Оқиға орнына полиция келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

15 желтоқсанда шамамен сағат 10:00-де Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының 102 кезекші бөліміне күмәнді зат табылғаны туралы хабарлама түскен. Оны аңшы жағалау сызығынан шамамен 200 метр қашықта, Ақтаудан 39 шақырым жерде тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, табылған нысан - коррозия басқан П-50-75 маркалы оқу авиациялық снаряды. Оқиға орнына жедел түрде Түпқараған ауданы полиция қызметкерлері, сондай-ақ №25744 әскери бөлімнің минасыздандыру тобы барған.

Жарнама
Жарнама

Табылған зат белгіленген тәртіппен тіркелді. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама