Marry me: Ақмола облысында ерекше ұсыныс видеоға түсіп қалды

Видео кадры

Ақмола облысында құтқарушы жұмыс орнында сүйіктісіне ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында құтқарушы жұмыс орнында сүйіктісіне ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі жариялады. Департаменттің айтуынша, №29 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, құтқарушы Абзал Темірбаев бәрін алдын ала жоспарлап, әріптестерінен көмектесуін сұраған.

"Абзалды аяқасты дабыл бойынша шақырғанда, оның сүйіктісі Назгүл бұл үлкен тосынсыйдың бір бөлігі екенін мүлде білген жоқ. Өрт сөндіру депосына келгенде, ол ғажап көрініске куә болды: гүлдерден жасалған үлкен жүрек, "Marry me?" деген жазу, шамдар, достары, туған-туыстары және осы маңызды сәттің куәсі болған бүкіл ұжым", – деді ТЖД-де.

Реклама
Реклама

Абзал арнайы жұмыс киімімен, қолына гүл мен сақина ұстап, оң жақ тізесіне отырып, ұсыныс жасайды. Назгүл келісімін береді.

Кадрларда әріптестері Абзалды көтеріп, құттықтай бастаған. Бақытты жұпты құттықтауға олардың достары мен жақындары да келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама