ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2023 | 09:38
"Мас болған". Риддерде әйел екі жасар ұлын балконнан құлатып алды
Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқанда екі жасар ұлын құлатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқанда екі жасар ұлын құлатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 27 қаңтарда болған.
"Қала тұрғыны мас күйінде құлыптаулы тұрған пәтерден балкон арқылы шығуға тырысып, ұлын қолына ұстаған. Бала үшінші қабаттан құлап түсті", - деп хабарлады ресми ақпарат көзі Noks.kz порталына.
Бала ауыр жарақаттың кесірінен аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также