Мектептерде күзгі каникул басталды

Мектептерде күзгі каникул басталды Фото:depositphotos.com

Қазақстан мектептерінде бірінші оқу тоқсаны аяқталды. Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады? Толығырақ Tengrinews.kz материалында.

Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқушылардың күзгі демалысы 7 күнге созылады - 27 қазаннан 2 қарашаға дейін (қоса алғанда). Осылайша, бірінші тоқсанның соңғы оқу күні - 24 қазан, жұма, ал сабақтар 3 қараша, дүйсенбіде қайта басталады.

Жарнама
Жарнама

2025/2026 оқу жылындағы мектеп демалыстарының күнтізбесі
Қазақстанда оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді. Оқушылар демалып, күш жинауы үшін жыл бойына бірнеше демалыс қарастырылған:

  • Күзгі демалыс - 27 қазан – 2 қараша 2025 ж. (7 күн)
  • Қысқы демалыс - 29 желтоқсан 2025 ж. – 7 қаңтар 2026 ж. (10 күн)
  • 1-сынып оқушыларына қосымша демалыс - 9–15 ақпан 2026 ж. (7 күн)
  • Көктемгі демалыс - 19–29 наурыз 2026 ж. (11 күн)
  • Оқу жылының аяқталуы - 25 мамыр 2026 ж.

Екінші оқу тоқсаны желтоқсанның соңына дейін жалғасады. Қысқы демалыстан кейін оқушылар ең ұзақ - 10 апталық үшінші тоқсанға кіріседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама