Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді

Ақорда

Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген бас хатшыға ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті. Бұл сапардың еліміз үшін мәні зор әрі Ұйымның орнықты даму күн тәртібіне бейілдігін көрсетеді.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азияда орнықты даму мақсаттарына арналған алғашқы орталықтың ашылуы – бүкіл аймақ үшін айтулы жетістік.

"Осы бастаманы қолдағаныңыз үшін Сізге және Сіздің ұжымыңызға өзімнің, сондай-ақ Қазақстан халқының атынан алғыс айтамын. Сіздің дер кезінде қолға алған әрі келешекті ойлаған UN80 бастамаңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан ұйымды реформалау жолындағы іс-әрекеттеріңізді толық қолдайды. Осы ретте еліміздің Ұйым қызметінің негізінде жатқан мультилатерализм, дипломатия және ынтымақтастық қағидаттарына әрдайым бейіл екенін тағы да растаймын", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама