Мемлекет басшысы Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты

Сұлу Бөлек Корреспондент
Ақорданың баспасөз қызметінен

Мемлекет басшысы АҚШ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы АҚШ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқыны салдарынан 43 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Олардың ішінде 15 бала бар. Бұл туралы Керр округінің шерифі Ларри Лету мәлім етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама