18 қазан 2021 15:59

"Менің кім екенімді білесің бе?" Түркістандық экс-депутат мейрамханада жанжал шығарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Түркістан мәслихатының бұрынғы депутаты қаладағы ойын-сауық мекемесінде жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан мәслихатының бұрынғы депутаты қаладағы ойын-сауық мекемесінде жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео "За нами уже выехали" Telegram каналында тарады. Кадрда адам қатты былапыт сөз айтып, мекеме қызметкеріне тиіскен. Ол өзін "VII шақырылған мәслихат депутаты" және "бұрынғы бандит"деп таныстырғаны айтылған.

Түркістан облысы полициясы оқиға 17 қазанда түнде болғанын хабарлады. Мекеме қызметкерлері тәртіп сақшыларынан  көмек сұрады.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнына полиция жасағы келді. Келген кезде тәртіп сақшылары ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқық бұзған адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған дерек сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ, ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғаны және биыл наурызда өкілеттігін тоқтатқаны анықталды", - деп мәлімдеді полицияда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram