02 сәуір 2023 09:22

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңілді

Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстандық теннисші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өткен Miami Open финалында дүниежүзінің 12-ракеткасы, чехиялық теннисші Петра Квитовамен кездесті. Қазақстандық екі сетте 6:7(14), 2:6 есебімен ұтылды.

Матч 1 сағат 42 минутқа созылды. Теннисшілер бірінші сетті 66 минут ойнады.

Реклама
Реклама

Елена Рыбакина жеңілісіне қарамастан, турнирдің финалы үшін 650 рейтингтік ұпай мен 662 360 доллар сыйақы алады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші АҚШ-тағы Индиан-Уэллс 2023 чемпионы атанды. Оның алдында Australian Open 2023 турнирінің финалына дейін жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram