Министрлік сиыр етінің бағасына қатысты тағы бір мәлімдеме жасады

Фото:depositphotos.com

Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, 3 400–3 500 теңге - өндірушілер бекіткен сиыр етінің орташа көтерме бағасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, 3 400–3 500 теңге - өндірушілер бекіткен сиыр етінің орташа көтерме бағасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, елордадағы сауда орындарында ет бағасына жеткізу, сақтау және басқа да шығындар қосылады.

"Нәтижесінде Астанада бөлшек баға килограмына 3 700–4 300 теңгеге жетеді. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына кіретін төстік-жауырын бөлігіне сауда үстемесі 15 пайыздан аспайтынын ескерсек, ол 3 100–3 400 теңге аралығында сатылады", – деп хабарлады министрлік.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ведомство дерегінше, өңірлерде еттің орташа бағасы келісіне 3 500–4 300 теңге көлемінде.

"Ал жоғары деңгейлі бөліктердің (сиыр филесі, қалың және жіңішке жиегі, белдің бір бөлігі) және басқа да бөліктердің (жамбас еті, іш майы және т.б.) бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді, нарықтық жолмен қалыптасады", – деді министрліктен.

Бұған дейін министрлік 1 келі еттің орташа өзіндік құны 2 800–3 100 теңге болатынын, оған 15 пайыз көтерме үстеме қосылғанда баға 3 400–3 500 теңгеге шығатынын хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама