27 қаңтар 2022 17:58

Министрлік тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспанаға аса мұқтаж азаматтардың тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспанаға аса мұқтаж азаматтардың тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, атаулы тұрғын үй көмегін берудің қағидалары мынадай: 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын көмек алушы төлейді.

Жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға алғаны үшін берілетін төлем табысы ең төмен, күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға ұсынылады.

Реклама
Реклама

"Бүгінде елімізде мұндай 70 мың адам бар. Олар: көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді. Оператор ретінде "Отбасы банкін" анықтау ұсынылды", – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, өтініш берушілерге келесідей негізгі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы жиынтық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;
  • "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы;
  • тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы;

Ведомство бұл бағдарламаға бюджеттен 50 миллиард теңге талап етілетінін баса айтты.

"Республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту мақсатында және жекелеген өңірлердің бюджет тапшылығын ескере отырып, жергілікті бюджеттерден бар болғаны 10 пайыз көлемінде қоса қаржыландыру жоспары бар", - деп толықтырды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Министрлік әзірлеген жоба барлық мүдделі мемлекеттік органдар азаматтардың жекелеген санаттарына жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындау және төлеу қағидаларын бекіткеннен кейін күшіне енеді. Азаматтар төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері бойынша "Отбасы банкі" АҚ-на жүгіне алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram