13 сәуір 2024 | 16:30

"Мүгедек қыламын деп қорқытады". Қазақстандық бойжеткен анасының бұрынғы сүйіктісін депортациялауды сұрайды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде анасына көмек сұраған қыздың видеосы пайда болды.Оның айтуынша, анасы бұрын бірге тұрған серіктесінен зорлық көріп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде анасына көмек сұраған қыздың видеосы пайда болды.Оның айтуынша, анасы бұрын бірге тұрған серіктесінен зорлық көріп келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Исламина Мурзабаева есімді бойжеткен Instagram-парақшасында Алматыда, ал анасы Қостанайда тұратынын айтты. Бір жылға жуық уақыттан бері екеуі де қорқынышпен өмір сүріп жатыр, ең алдымен Исламина анасының өмірі үшін алаңдайды. Оның айтуынша, анасының бұрынғы серіктесі Әзербайжан азаматы ажырасқаннан кейін әйелді аңдып, ұрып-соғады.

"Анам жұмыстан шығып бара жатқанында, оны бұрынғы серіктесі аңдып, артынша ұра бастаған. Оны өтіп бара жатқан адам видеоға түсіріп алған. Серіктесі жұмысына келіп, сол жерде жанжал шығарады. Куәгер көп, оның сөз түсінбейтінін бүкіл жатақхана біледі. Оның үстінен бір емес бірнеше рет арыз жаздық, бірақ ештеңе істемелді. Ал ол анамды онымен байланысқа шығып, оны кешірмесе, мені өлтіремін, айтпасаң маған сұмдық жасаймын деп қорқытады. Ол маған телефон соғып, мені өлтіретінін, ал анамды мүгедек қылатынын айтты", – дейді бойжеткен.

Реклама
Реклама

Қызы ер адам кейінші бір жыл бойы анасын аңдып, оның тыныш өмір сүруіне мүмкіндік бермей отырғанын айтады. Ал ол құрбысына көшкеніне бір айға жуық болған, өйткені оның жатақханада тұруы қауіпсіз емес.

"Бірде ол пышақпен келіп есікті қақты. Анам жоқ, үйде болғанда не болар еді, білмеймін. Бұл кісінің қолынан бәрі келеді. Полиция оны біреудің үйіне басып кіріп, бәрін сындырғанына қарамастан бір күнге ғана алып кетті", - деп таңғалды Исламина Мурзабаева.

Полицейлер бұл жазбаға пікір білдіріп, қазір соталды тергеу басталғанын айтты. Барлық мән-жай анықталып жатыр. Ер адамның Исламинаның анасын қалай ұрғаны көрсетілген видеоға келетін болсақ, ол өткен жазда түсірілген дейді полиция.

"Учаскелік полиция инспекторы әйелдің өтініші бойынша оның серіктесін дәрігерлік амбулаторияға орналастырды. Көші-қон қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде ер адамның уақытша тұру және жұмысқа рұқсаты болған", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная