03 наурыз 2020 | 11:38

Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады

ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәкішевке пробациялық бақылау орнатылды. Cотқа Жәкішевтің бұл - үшінші өтініші. 

Реклама
Реклама

Өтініш қаралған сотқа Жәкішевтің өзі жеткізілмеді, ОВ-156/14 мекемесінде онымен видео-конференц-байланыс орнатылды. 

"Менің Қазақстан азаматы ретіндегі басты өтінішім, маған қатысты Қазақстан Республикасында қабылданған заң қолданылылғаны", - деді Мұхтар Жәкішев.

Жәкішевтің тәртібі дұрыс деген үшінші дәрежесі бар, бұл ең жақсы көрсеткіш саналады. Колония өкілі видео-конференц-байланыс арқылы сотталушының мінездемесі оң екенін растады (дұрыс тәртібі үшін жеті мәрте мадақталған) және мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға негіз бар деп есептейтінін айтты.

Бұдан кейін Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев сөз сөйледі.

"Осы уақыт бойында Жәкішев 24 гипертониялық кризді бастан өткерді. Әлі де гипертониялық шабуылы жалғасып жатыр. 2020 жылғы 6 ақпанындағы анықтама бойынша Семей қаласы медициналық мекемелерінде Жәкішевтің басқа да ауруларға душар болғаны дәлелденді. Оның жағдайы жақсармай келеді, нашарлап кетті, ал күніне 40-тан аса дәрі қабылдауы керек", - деді адвокат.

Айта кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға сотталған еді. 

2018 жылдың қарашасында Жәкішев Семейдің № 2 сотына да шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазуы үшін жаза мерзімінің үштен екі бөлігін өтеуі тиіс болған. Бұл мерзім 2018 жылдың қыркүйегінде өткен. Алайда сот ол өтінішті қанағаттандырған жоқ, себебі ол келтірілген шығынды өтемеген еді - 99,6 миллиард теңге.

Ал 2019 жылдың шілдесінде сотталушы тағы өтініш білдіреді, бірақ сот ол өтінішті те қанағаттандырмады. Ақпанда да Жәкішев дәл осылай өтініш қалдырған еді, алайда ол да қанағаттандырылмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная