NASA ғарышкерлері бес айдан кейін ғарыштан Жерге оралды

Видео кадры

NASA-ның Crew-10 миссиясының төрт мүшесі Халықаралық ғарыш станциясында шамамен бес ай болғаннан кейін Жерге оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіDeutsche Welle-ге сілтеме жасап.

NASA-ның Crew-10 миссиясының төрт мүшесі Халықаралық ғарыш станциясында шамамен бес ай болғаннан кейін Жерге оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіDeutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Америкалық астронавттар Энн Макклейн мен Никол Айерс, жапондық астронавт Такуя Ониши және ресейлік ғарышкер Кирилл Песков 8 тамызда SpaceX компаниясының Dragon капсуласымен Халықаралық ғарыш станциясынан ұшты.

Жерге қайтар шол шамамен 18 сағатқа созылды. Олар 9 тамызда Астана уақытымен 21:33-те Калифорния жағалауындағы Тынық мұхитында қонады.

Реклама
Реклама

Crew-10 миссиясының оралуымен NASA-ның коммерциялық пилоттық ұшулар бағдарламасы аясындағы оныншы экипаж ротациясы аяқталды. 146 күндік орбитада болған уақыт ішінде команда 200-ден аса маңызды және жедел ғылыми эксперименттер жүргізді. Олардың қатарында өсімдіктердің өсуі мен микрогравитация жағдайындағы жасушалардың әрекетін зерттеу бар.

Crew-10 миссиясы 14 наурызда басталып, Crew-9 экипажын алмастырды. Crew-9 құрамындағы Барри "Батч" Уилмор мен Сунита "Суни" Уильямс Boeing Starliner кемесіндегі қозғалыс басқару жүйесінің ақауына байланысты жоспарланған мерзімнен тоғыз айға ұзақ уақыт ХҒС-та қалды. Ақырында оларды Жерге SpaceX капсуласы жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама