Назым Қаһарман экс-жұбайы Бишімбаев мүлкін кімнің атына “аударғанын“ әшкереледі

Назым Қаһарман экс-жұбайы Бишімбаев мүлкін кімнің атына “аударғанын“ әшкереледі Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Instagram-да видео жариялап, онда оның ортақ балаларға төленетін алимент көлемін қалай азайтпақ болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Instagram-да видео жариялап, онда оның ортақ балаларға төленетін алимент көлемін қалай азайтпақ болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаһарманның айтуынша, Жоғарғы сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы шағымын қараудан бас тартқаннан кейін, бірнеше ай өткен соң ол "енді оны төлеуге мүмкіндігім жоқ" деген уәжбен алиментті азайту туралы талап арыз берген. Бұрынғы жұбайының сөзінше, бұл - өтірік.

"Менің адвокаттарым Қуандықтың тағы 15 жыл алимент төлей алатынын құжат жүзінде дәлелдеді", - деді ол.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, активтерін жасыру үшін Бишімбаев оларды жақында 26 жасқа толатын, кәмелет жасына толған үлкен ұлының атына "аударып жіберген" көрінеді. Әңгіме "жылжымайтын мүліктер" туралы болып отыр.

"Балаңа қамқорлық жасағаның жақсы. Бірақ кәмелетке толған ұлыңның пайдасына активтерді "аудару", кәмелетке толмаған балаларыңа алимент төлемеу жиіркенішті. Мұны қалай атауды да білмеймін, бірақ бізде дәл солай болды", - деді Назым Қаһарман.

Нәтижесінде Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы сотта жеңіп, сотталған экс-министр бұрын жасалған алименттік келісім бойынша төлеуге міндетті болды. Қаһарманның айтуынша, бұл құжатты бұзу мүмкін емес және ол "екі жаққа да бірдей" жұмыс істейді.

Еске салайық, Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл некеде болған, олардың үш баласы бар. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан. Бұл - экс-министрдің сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы қылмыстық ісі бойынша колониядан босап шыққанынан бір жыл өткен кейін болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама