13 қазан 2024 | 14:51

Назым Қызайбай жаңа лауазымға сайланды

©️ olympic.kz

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жаңа лауазымға сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жаңа лауазымға сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтіп, жаңа құраманың капитанын сайлады.

"Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазір боксшылар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram