02 сәуір 2020 | 18:56

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 5 адам ауыр жағдайда жатыр

Көрнекі сурет: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырған 5 адамның ауыр халде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырған 5 адамның ауыр халде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған 5 емделушінің жағдайы тұрақты ауыр, 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, Олар коронавирусты емдеу диагностикасының клиникалық протоколына сәйкес ем алуды жалғастырып жатыр", - деп хабарлады ол Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Реклама
Реклама

Еске салайық, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 423 науқас тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 193 адам, Алматы қаласында - 91 адам, Қарағанды облысында - 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 18 адам, Жамбыл облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 8 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 11 адам, жалпы ", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная