06 қазан 2024 | 08:01

Олжас Бектенов АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Олжас Бектенов АЭС бойынша референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Олжас Бектенов АЭС бойынша референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы Астанадағы Оқушылар сарайындағы учаскеде дауыс берді.

Айта кетейік, Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр, осы арқылы азаматтар атом электр станциясына қатысты шешім қабылдауы керек.

Реклама
Реклама

Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.

Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.

Айта кетейік, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Еске салайық, бұған дейін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің өкілдері ұсынған мәліметтері мен есептеріне сәйкес жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізгені белгілі болды.

Дауыс беретін учаскені анықтауға арналған нұсқаулықпен мына жерде таныса аласыздар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная