08 желтоқсан 2024 | 13:47

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі сатқындық жасады деген күдікпен ұсталды

Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның прокуратурасы бұған дейін ел президенті Юн Сок Ёлға әскери жағдай енгізуді ұсынған бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хенді қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореяның прокуратурасы бұған дейін ел президенті Юн Сок Ёлға әскери жағдай енгізуді ұсынған бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хенді қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Йонхап агенттігінің хабарлауынша, экс-шенеунік мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған.

"Прокурорлар жексенбі күні бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хенді президент Юн Сок Ёлдің әскери жағдай жариялауынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен тергеу барысында қамауға алды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ким Ён Хён бұған дейін елде жақында жарияланған соғыс жағдайы үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, отставкаға кететінін мәлімдеген. Өз мәлімдемесінде қорғаныс министрі туындаған елдегі жағдайға өкініш білдіріп, барлық әскери әрекеттер оның басшылығымен өткенін растады.

Айта кетейік, бір күн бұрын Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл видео үндеу жасап, елде әскери жағдай енгізілгені үшін кешірім сұраған болатын.

3 желтоқсанда кешке Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель төтенше әскери жағдай жариялады. Бұл шешім оппозициялық Демократиялық партия Парламентте қысқартылған бюджет туралы заң жобасын қолдап, мемлекеттік аудитор мен бас прокурорға импичмент жариялау туралы өтініш бергеннен кейін қабылданды. Алайда Оңтүстік Кореяның Ұлттық Ассамблеясы елде әскери жағдай енгізілуіне қарсы дауыс берді.

Дауыс беру кезінде Ұлттық ассамблея ғимаратында әскери жағдайды жоюды талап еткен азаматтар әскери адамдармен, полициямен қақтығысып қалды. Сеул көшелерінде әскери техника пайда болды.

Кейін ел президенті төтенше әскери жағдайды алып тастайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери жағдайдағы әскер шығарылған, ал жақын арада Үкімет отырысы өтеді.

Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады. Қазақстан азаматтары төтенше жағдай кезінде жедел байланыс үшін мына нөмірлерге хабарласа алады: +8210-6572-9311.

Сонымен қатар Оңтүстік Корея президентінің аппараты отставкаға кететінін мәлімдеді.

Ал Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық барын айтты.

Кейінірек Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі де отставкаға кететінін мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің 5 желтоқсанға жоспарланған келіссөзі өткізілмеді. Ал полиция Оңтүстік Корея президентіне қарсы тергеуді бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Алматыда жаңа көпір ашылды
Қазақстанда ұрлық азайған
Қырғызстанда жер сілкінді
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная