Оралда жаппай төбелес болды

видеодан үзінді

Оралда Тұңғыш Президент алаңында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алдында жасөспірімдер жаппай төбелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда Тұңғыш Президент алаңында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алдында жасөспірімдер жаппай төбелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде осы оқиғаның видеосы жарияланды. Онда үш үш адамнан жекпе-жекке шыққаны түсірілген. Олар өзара төбелесе кетеді. Осы кезде куәгерлер барлығын ұялы телефонға түсірген. 

"Сұмдық, бұл жігіттер неге сонша зұлым болды екен", - деп жазды әлеуметтік қолданушылардың бірі. 

Реклама
Реклама

"Ережесіз жекпе-жекті көріп алғандар", - дейді басқасы. 

БҚО полиция департаментінің өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Төбелескендердің барлығы анықталды. Олар қаладағы мектептердің бірінде оқиды, жастары 15-17 аралығында", - деді ПД өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тергеу шаралары басталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама