Оралда жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған

Видео кадры

Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

102 арнасына кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.

Реклама
Реклама

Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды.

Қазір жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама