Ораза-2026: сәресі және ауызашар дұғасы

Ораза-2026: сәресі және ауызашар дұғасы Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2026 жылы Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал Ораза тұтатындарға сәресі мен ауызашар алдында дұға оқу - сүннет әрі сауапты амал. Tengrinews.kz дұғаның толық мәтінін ұсынады.

2026 жылы Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал Ораза тұтатындарға сәресі мен ауызашар алдында дұға оқу - сүннет әрі сауапты амал. Tengrinews.kz дұғаның толық мәтінін ұсынады.

Сәресіде айтылатын дұға

"Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім".

Реклама
Реклама

Ауызашарда оқылатын дұға

"Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір".

Айта кетейік, дұғаны араб тілінде оқу міндетті емес, қазақ тілінде де ниет етуге болады. Бұл туралы Нұрлан имам да айтқан еді.

Сәресі уақытында қандай берекеттер бар?

ҚМДБ мәліметінше, тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде "сухур" деп аталады. Ол - түннің үшінші бөлігі. Бұл кезде дұғалар қабыл болып, Алла Тағаланың ерекше кешірімі түседі.

  • сүннет мезгілі;
  • исламға тән амал;
  • сәресі аста құт-береке бар;
  • дұға қабыл болатын мезгіл;
  • Алла Тағаланың мейірімі түсетін мезгіл;
  • періштелер дұға етеді;
  • денсаулығы жақсарады және тәнге қуат береді.

Қадір түні, Ораза айт мерекесі қашан?

Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Құран Кәрімде "Қадір" сүресі бар. Осының өзі-ақ бұл түннің аса ардақты екенінен хабар береді. Бұл түні Ықылас пен Қадыр сүрелерін 100 рет оқу керек.

ҚМДБ мәліметінше, 17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз - Ораза айт мерекесі.

Рамазан 2026: қалаларға арналған кесте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Рамазан айының ораза кестесін ұсынды. Толық кестені мына сілтеме арқылы көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама