30 сәуір 2023 | 15:21

Өзбекстандық жасөспірім Ташкентті 250 миллиард долларға "сатпақ болған"

Фото: Өзбекстан ішкі істер министрлігінің Киберқауіпсіздік орталығы

Өзбекстанда 15 жастағы жасөспірім ел астанасы Ташкентті 250 миллиард долларға сатпақ болған. Ол осы мақсатта Оlx сауда платформасына Ташкент қаласын сату туралы хабарландыру салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда 15 жастағы жасөспірім ел астанасы Ташкентті 250 миллиард долларға сатпақ болған. Ол осы мақсатта Оlx сауда платформасына Ташкент қаласын сату туралы хабарландыру салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл хабарландыру әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің киберқауіпсіздік орталығы.

Жоғарыдағы хабарландыруды жариялаған 8-сынып оқушысы әзілдегенін және мұндай пікірталас тудыратынын ойламағанын айтты. Аккаунт Мирзо-Ұлықбек ауданының тұратын әкесіне тиесілі болған.

Реклама
Реклама

"Мен бұл жарнаманы әлеуметтік желіден көрдім. Сосын платформаға салып, қалжыңдағым келді. Бұл соншалықты кең таралып, негатив тудырады деп ойламадым. Мен қателестім және бұл ісіме өкінемін", - дейді 15 жастағы жасөспірім.

Ал Olx сауда платформасының бас директоры бірнеше минуттан кейін жарнаманың бұғатталғанын айтты. Ол пайдаланушылардан сенімді ақпаратты платформаға орналастыруды сұрады.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде ата-аналарға баласын бақылауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная