Пәкістанда мешіттегі жарылысты ұйымдастырды деген күдіктілер ұсталды

Пәкістанда мешіттегі жарылысты ұйымдастырды деген күдіктілер ұсталды x.com/XHNews

Пәкістанда мешіттегі жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен төрт адам ұсталды. Жарылыс салдарынан ел астанасы Исламабадта 31 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KSAT.com-ға сілтеме жасап.

Пәкістанда мешіттегі жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен төрт адам ұсталды. Жарылыс салдарынан ел астанасы Исламабадта 31 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KSAT.com-ға сілтеме жасап.

Пәкістанның қауіпсіздік күштері бірнеше жерде рейд жүргізіп, төрт күдіктіні ұстады. Олардың ішінде астана шетіндегі мешітте болған жанкешті жарылыстың ұйымдастырушысы болуы мүмкін адам да бар. Бұл туралы сенбіде Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви айтты.

Оның сөзінше, жарылысты ұйымдастырды делінген адам - Ауғанстан азаматы, әрі ИГИЛ-мен байланысы бар. Министр шабуыл алдын ала жоспарланғанын, ал жанкешті террорист Ауғанстанда дайындықтан өтіп, оған Үндістан қаржылай қолдау көрсеткенін айтты. Бірақ бұл сөздеріне ешқандай дәлел келтірмеді. Басылымның жазуынша, Нью-Делиден де, Кабулдан да әзірге пікір берілген жоқ.

Реклама
Реклама

Накви Ауғанстан аумағында бірнеше қарулы топ жұмыс істеп, Пәкістанға шабуыл жасап жүргенін айтып, халықаралық қауымдастықты бұған назар аударуға шақырды. Ол тұрақсыздық аймақтан асып таралуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін өзін "Пәкістандағы Ислам мемлекеті" деп атайтын "Ислам мемлекеті" ұйымының аймақтық қанаты бұл шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алған. Мәлімдемеде жұмада шабуылдаушы бас қақпада оны тоқтатпақ болған күзетшілерге оқ атқаны, кейін мешіттің ішкі қақпасына жеткен соң беліне байланған жарылғышты іске қосқаны айтылған.

ИГИЛ Пәкістандағы шииттерді "заңды нысана" деп санайтынын мәлімдеді. Олар шииттерді "адам қоры" деп атап, ИГИЛ-ге қарсы Сирияда соғысып жатқан шиит жасақтарына адамдар барып қосылады деп айыптаған.

Жұмада мешітте болған жарылыстан 169 адам жараланған. Бұл - Исламабадтағы 2008 жылдан бергі ең қанды шабуыл. Ол жылы жанкешті террорист Marriott қонақүйінде жарылыс жасап, 63 адам қаза тауып, 250-ден аса адам жараланған еді. Ал қарашада астанада сот ғимаратының жанында жанкешті шабуыл жасап, 12 адамды өлтірген.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы террорлық әрекетке байланысты Пәкістан президенті Асиф Әли Зардариға және премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама