Париждегі Олимпиаданың соңғы күнінде кім өнер көрсетеді?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталады. Соңғы жарыс күні екі спортшымыз жүлдеге таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталады. Соңғы жарыс күні екі спортшымыз жүлдеге таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды. Балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

Реклама
Реклама

• Марафон. 42 км. Финал
11:00. Жанна Мамажанова

• Еркін күрес. Жұбаныш белдесуі (97 кг)
14:30. Әлішер Ерғали – Әмірәли Азарпира

• 00:00. Жабылу салтанаты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная