Парсы шығанағындағы екі ел Иранға қарсы соғысқа қосылуы мүмкін - БАҚ

Парсы шығанағындағы екі ел Иранға қарсы соғысқа қосылуы мүмкін - БАҚ Фото:depositphotos.com

Парсы шығанағы елдері Иранға қарсы әрекетке белсенді кірісе бастады. Сауд Арабиясы АҚШ-қа Иранға соққы жасау үшін өз әскери базасын пайдалануға рұқсат берді, ал Біріккен Араб Әмірліктері әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Парсы шығанағы елдері Иранға қарсы әрекетке белсенді кірісе бастады. Сауд Арабиясы АҚШ-қа Иранға соққы жасау үшін өз әскери базасын пайдалануға рұқсат берді, ал Біріккен Араб Әмірліктері әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

The Wall Street Journal деректеріне сүйенсек, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ-тың Иранға қарсы әскери қимылдарына қосылуға жақын. Сарапшылардың айтуынша, корольдіктің соғысқа араласуы уақыт еншісіндегі мәселе.

Бұған дейін Сауд Арабиясы Иранға қарсы операцияларға өз аумағын пайдалануға қарсы болған. Алайда Тегеран елдің маңызды энергетикалық нысандарына және астанасы Эр-Риядқа зымыран мен дрондар арқылы шабуыл жасаған соң, бұл ұстаным өзгерген.

Реклама
Реклама

Қазір Сауд Арабиясы АҚШ әскеріне Король Фахд атындағы әуе базасын пайдалануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, елдің Сыртқы істер министрі корольдіктің "сабыры ұзаққа созылмайтынын" ашық айтты.

Ал Біріккен Араб Әмірліктері Иранға экономикалық қысымды күшейтіп жатыр. Дубайда Иранмен байланысты бірқатар ұйым жабылып, иран активтерін бұғаттау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл Иранның қаржы және халықаралық сауда мүмкіндіктеріне әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, Әмірліктерде әскер жіберу мәселесі де талқыланып жатыр. Олар АҚШ-ты Иранның әскери әлеуеті әлсірегенге дейін бітімге келмеуге шақырып жатыр.

Жалпы, сарапшылардың пікірінше, бұл әрекеттер Парсы шығанағы елдерінің АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы іс-қимылына біртіндеп тартылып жатқанын көрсетеді. Дегенмен, олар әскер жіберу өздерін Иранның ашық қарсыласына айналдыратынын да түсінеді. Өйткені соғыс аяқталған соң, АҚШ аймақтан кеткен жағдайда, бұл елдер Иранмен күрделі қатынастармен бетпе-бет қалуы мүмкін.

21 наурызда Сауд Арабиясы Иранның бірнеше дипломатын елден шығарып жіберді. Мұндай шешім Тегеран тарапынан жалғасып жатқан шабуылдармен байланысты қабылданған.

Сондай-ақ, 12 араб және ислам елінің сыртқы істер министрлері Иранды көрші мемлекеттерге қарсы әрекеттерін тоқтатуға шақырды. Әйтпесе, бұл бүкіл Таяу Шығыс үшін ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясы мен АҚШ Йемендегі хуситтердің Иран жағында соғысқа араласуына жол бермеуге тырысуда. Егер олар қақтығысқа қосылса, жағдай одан әрі ушығып, тіпті Суэц каналы мен Мысырды да қамтуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама